logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Хабарландырулар

Құрметті, ата-аналар!

    «Тараз қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» оқушыларына

2026-2027 оқу жылына  жатақханадан орын беру үшін құжаттарды  қабылдау  екі кезеңде жүргізілетінін хабарлаймыз.

       Бірінші кезең: 2026 жылдың 1-12 маусымы аралығында құжат қабылдау онлайн жүргізіледі. 15-18 маусымда комиссия өтініштерді қарайды, ал комиссия шешімі 19 маусымда мектеп сайтына жарияланады.

       Екінші кезең: 2026 жылдың 18-24 тамызы аралығында құжат қабылдау онлайн жүргізіледі. 25 тамызда комиссия өтініштерді қарайды, ал комиссия шешімі 26 тамызда мектеп сайтында «Жатақхана» қойындысында орналастырылады.

      Оқушының заңды өкілі жеке электрондық цифрлық қолтаңбасын (ЭЦҚ) пайдалана отырып, https://otinish.nis.edu.kz/ жатақханаға өтініштерді беру және қарау қызметі арқылы жасай алады. Назарбаев Зияткерлік мектептері  жатақханаларының қызметін ұйымдастыру  Қағидаларымен (https://www.nis.edu.kz/storage/files/dormitory-kz.pdf) сайтында таныса аласыздар.

                                                                         Бейне нұсқаулық  https://youtu.be/1rNFJvxkH3Y

Байланыс телефондары/Контактные телефоны:

Жатақхананың жұмыс телефоны: 8 (7262) 99-98-58;  

Жатақхана/Общежитие: 8 777 135 31 37, 8 700 101 29 71, 8 775 101 00 71

«Тараз қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» оқушыларына 2026-2027 оқу жылына  жатақханадан орын беру үшін құжаттарды  қабылдау  екі кезеңде жүргізілетінін хабарлаймыз.

       Бірінші кезең: 2026 жылдың 1-12 маусымы аралығында құжат қабылдау онлайн жүргізіледі. 15-18 маусымда комиссия өтініштерді қарайды, ал комиссия шешімі                        19 маусымда мектеп сайтына жарияланады.

       Екінші кезең: 2026 жылдың 18-24 тамызы аралығында құжат қабылдау онлайн жүргізіледі. 25 тамызда комиссия өтініштерді қарайды, ал комиссия шешімі                                   26 тамызда мектеп сайтында «Жатақхана» қойындысында орналастырылады.

 

Құжаттар онлайн режимде қабылданады https://otinish.nis.edu.kz/.

 

Қабылдау комиссиясының жұмыс уақыты:

Дүйсенбі- жұма  сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін;  Түскі үзіліс: 12:00 – 13:00.              

                         

           Оқушының заңды өкілі өтініш берген кезде өтінішке келесі құжаттарды қоса береді:

1) туу туралы куәліктің көшірмесі, ЖСН көрсетілген туу туралы куәлікке қосымша беттің көшірмесі және оқушының жеке куәлігінің (бар болған жағдайда) көшірмесі;

2) оқушының заңды өкілдерінің жеке куәлігінің көшірмелері. Егер оқушы толық емес отбасынан болса: заңды өкілдерінің бірінің қайтыс болғаны туралы куәлік, некені бұзу туралы құжаттар, egov.kz электрондық үкімет порталынан неке қию туралы мәліметтер;

2-1) оқушының осы Ереженің 31-тармағында көрсетілген санаттарға жататынын растайтын құжаттар;

3) egov.kz электрондық үкімет порталынан оқушының заңды өкілдерінің міндетті түрде тіркеу күні көрсетілген мекенжайы бойынша деректер (скриншот);

Оқушының тұрғылықты жері - оның заңды өкілдерінің тұрғылықты жері болып танылады.

Өтініш берген кезде мекенжайдағы тіркелген мерзімі кем дегенде соңғы 2 (екі) жылдан кем болмауы тиіс. Бұл талап оқушының заңды өкілдеріне қолданылады. Егер оқушының заңды өкілдері жұмыс бабымен ауысса немесе өзге де отбасылық жағдайларға байланысты қоныс аударған жағдайда, оны растайтын құжаттарды міндетті түрде ұсыну қажет (жұмысқа қабылдануы туралы бұйрықтың көшірмесі, еңбек шартының көшірмесі, заңнамада белгіленген БЖЗҚ салымшысы қаражатының түсуі мен қозғалысы туралы соңғы 6 айдың ақпараты, жалға алу немесе сатып алу-сату шарты немесе көшіп барған жерінен тұрғын үй алғандығын растайтын өзге де құжаттар).

 Заңды өкілдер әртүрлі мекенжайларда тіркелген жағдайда оқушының тұрғылықты жері Зияткерлік мектепке түскенге дейінгі білім беру ұйымдарында оқығандығын растайтын құжаттар (бағалар табелі немесе транскрипт) бойынша анықталады.

4) балалар үйінің тәрбиеленушілері және жетім балалардың мәртебесін растайтын құжат (сот қаулысы, қалалық білім бөлімінің қамқорлық туралы бұйрығы, қажет болған жағдайда қорғаншылық туралы анықтама);

5) егер оқушы мүгедек бала болса, оқушының заңды өкілдерінің біреуі немесе екеуі де I, II топтағы мүгедектер болып табылса (мүгедектігі туралы және заңнамада белгіленген нысан бойынша мүгедектігі бойынша әлеуметтік жәрдемақы алу туралы анықтама);

6) аз қамтылған азаматтар үшін – өтініш беруші және оның отбасы заңнамада белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдар тарапынан мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатынын растайтын анықтама;

7) заңды өкілдердің жұмыс орнынан алынған анықтамалардың сканерленген түпнұсқалары немесе жұмыссыздық мәртебесі туралы анықтама немесе БЖЗҚ-дан соңғы 6 айдағы нөлдік табысы расталған үзінді көшірмесі.

                                        

                                            Қажет болған жағдайда Комиссия:

- тіркелген мекенжайда оқушы мен оның заңды өкілдерінің нақты тұрғылықты жерін растайтын құжаттарды тексеруге және/немесе сұрауға;

- заңды өкілдер ұсынған мәліметтердің дұрыстығын, қажет болған жағдайда тіркеу мекен жайына барып мерзімді түрде тексеріп отыруға құқылы.

Сондай-ақ, комиссия оқушының тұрғын үйіндегі тұрмыстық жағдайларын тексеру және актілеу, отбасының психологиялық ахуалын анықтау үшін оқушының үйіне барады. Бұл ретте тексеру: тұрғын үйдің нақты жай-күйін, онда тұратын адамдардың санын, отбасының материалдық жағдайын, санитарлық жағдайын, балаға бөлінген орынның болуын (сабақ оқуға, ұйықтауға арналған орын) анықтауға, заңды өкілдердің баланың толыққанды физикалық, психикалық, адамгершілік және рухани дамуы үшін қажетті жағдайлар жасауға дайындығын анықтауы тиіс.

Осы Ереженің талаптарына жауап беретін, бірақ жатақханада тұру үшін орын алмаған оқушылар Комиссияның шешімі бойынша «оқушылардың резервтік тізіміне» жеке-жеке енгізіледі (ұлдар және қыздар).

             Заңды өкілдердің жатақханадан орын беру туралы өтініштері тіркеу күні мен уақыты көрсетіле отырып, Сервисте автоматты түрде тіркеледі. Егер бір санаттағы бірнеше оқушы бір күнде, бір уақытта өтініш білдірсе, онда өтініштерді тіркеу уақыты ескеріледі.

Қабылдау комиссиясы келесі жағдайларда өтінімді қабылдамауға құқылы:

1) құжаттар топтамасы толық берілмеген кезде;

2) сканерленген құжаттарда мөр, құжатты алған күні, оқушылар мен заңды өкілдер бойынша деректер нашар көрінсе;

3) өтініш берілген санатқа құжаттар сәйкес келмесе қабылданбайды.

Құжаттар топтамасы толық тапсырылмаған жағдайда заңды өкіл бұл туралы хабарлама алады және түсініктемелерді ескере отырып, өтінішті қайта тіркейді.

Бұл ретте өтініштің тіркелген күні жаңартылады.

 

Байланыс телефондарына жұмыс уақытында хабарласа аласыздар:  

                            8 (7262) 99-98-58

                            8 777 135 3137     

Нокрабекова Гульжамиля Москауовна (тәрбиеші) - 87001012971, 87751010071.