logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

🌱“Graphicon” республикалық байқауында Тараз NIS жүлделі орынға ие болды!

07 сәуір 2025 14:02

📍 Астана қаласында өткен «Graphicon» республикалық математикалық сайысында Тараз Назарбаев Зияткерлік мектебінің “Тұмар” командасы жүлделі 🥈 2-орынды жеңіп алды! 

🔹 Команда мүшелері: 

🎓 Оқушылар: Хусаинов Исламнур, Ким Радион 

📚 Жетекші мұғалімдер: Утешова Алмагүл Турбаевна, Ахмедиева Гүлнұр Бекеновна 

🔹 Жоба: «Кербез» 

Байқау мақсаты – математиканың ұлттық мәдениетпен байланысын зерттеу, қазақтың бай мұрасы мен ғылыми ой-өрісті тоғыстыру. Қатысушылар ұлттық ою-өрнектер, киіз үйдің құрылымы, геометриялық өрнектер, симметрия және сандар заңдылықтарын зерттеп, өздерінің шығармашылық жобаларын қорғады. 

🔢 Сайысқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен 60-тан астам команда қатысты. Іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен 16 үздік команда финалда бақ сынасты. 

🏆 “Тұмар” командасының жеңісі – ұлттық құндылықтарды дәріптеудегі маңызды қадам! Оқушыларымыз ғылым мен өнердің үйлесімін көрсетіп, математика мен мәдениеттің тоғысқан тұсын ерекше жобамен қорғап шықты. 

🔥 Тараз NIS оқушыларын жеңісімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындыруға тілектеспіз! 🚀

Фотогалерея

image-