logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

🌱Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің кітапханасында «Кеңістік пен уақыт» тақырыбында TEDx конференциясы өтті.

07 сәуір 2025 14:11

Қатысушылар уақыт пен кеңістікті қабылдау, олардың өзара байланысы және күнделікті өмірге әсері туралы мәселелерді талқылады.

Математика пәнінің мұғалімі А.Е. Тұктыбаева уақыт пен кеңістіктің математикалық және философиялық түсінігін біріктіретін дәріс оқып, гравитация мен жылдамдықтың уақытты қабылдауға әсерін түсіндірді.

9-сынып оқушылары Науатбек Адема, Бекенова Әсем, Нұрмұхамбетұлы Шейхислам және Мырзаханов Абылай қызықты идеяларымен бөлісті.

Конференция соңында белсенді қатысқаны үшін қатысушыларға сертификаттар табысталып, естелік фотосуреттер түсірілді.

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-