Жаңалықтар
🌱Наурыз – жаңару мен игі істер мерекесі! Тал егу-тәрбие баспалдағы.
14 сәуір 2025 15:09
Мектебімізде ерекше шара өтті– оқушылар мен ата-аналар бірге 20 түп шырша ағаштарын отырғызды! 🌲💚 Табиғатты аялау, жаңа өмір сыйлау – Наурыздың шынайы мәні емес пе?
Қазіргі еккен тал-шыбық, ертең жапырағы жайқалған ағаш, одан әрі көрікті орман болатыны белгілі.
Дана қазақ «Атадан мал қалғанша, тал қалсын», деп ағаштың адамзатқа берер пайдасын ерекше атап өткен»
«Бұтақ жайған ағаш қартаймайды, ұрпақ жайған адам қартаймайды», дейді халқымыз.
Игі іс-шараға келіп,өз үлесін қосқан ата-аналарға,оқушыларға,ұстаздарға алғысымыз шексіз!✨