Жаңалықтар
🌱Мәскеуде өткен «Баршаға арналған тіл білімі» атты XXIX Халықаралық ғылыми-практикалық конференция: Тараз қаласындағы ФМН НЗМ жас зерттеушілері жүлделі орындарға ие болды
14 сәуір 2025 15:53
2025 жылғы 27–28 ақпан күндері Мәскеуде Мәскеу педагогикалық мемлекеттік университетінің (МПГУ) ұйымдастыруымен «Баршаға арналған тіл білімі» атты XXIX Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Шараға ТМД елдері, Франция және Италиядан келген 6–11 сынып оқушылары мен студенттер өз ғылыми жобаларын ұсынды.
Конференцияның тақырыбы – «Тіл және отбасы»
Конференция барысында қатысушылар тілдің отбасылық құндылықтарды бейнелеудегі және қалыптастырудағы рөлін талқылады. Тараз қаласындағы ФМН НЗМ оқушылары осы маңызды тақырып аясында бірқатар баяндамалар жасап шықты.
Оқушыларымыздың жетістіктері:
• Жанадилова Улдана (9D), Аскар Альмактум (9D) және Токтарбек Даниалдың (9D) жобасы – 2-орын
Жетекшісі – Станишевская Галина Александровна
• Мураткызы Райан (8D) және Рыспек Молдирдің (8E) жобасы – 2-орын
Жетекшісі – Белозерова Ольга Игоревна
• Султан Айганым (7B) және Тынышхан Амина (7A) жобасы – 3-орын
Жетекшілері – Джолымбетова Айман Сериковна және Садыкова Айсулу Нургалиевна
Жас зерттеушілерімізді құттықтаймыз! Оқушылардың зерттеу қабілеттерін дамытуға қосқан баға жетпес үлестері үшін педагогтерге алғыс білдіреміз!