logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

🌱Республикалық олимпиадада күміс жүлде: Әбзелбек Ауесханды құттықтаймыз!

08 мамыр 2025 10:32

Жалпы білім беретін пәндер бойынша өткен Республикалық олимпиадада биология пәнінен 2-орын иеленіп, күміс медаль жеңіп алған мектебіміздің оқушысы — Әбзелбек Ауесханды шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл — талмай ізденудің, білімге деген құштарлықтың, табандылық пен еңбектің нәтижесі. Олимпиадаға еліміздің түкпір-түкпірінен ең үздік оқушылар қатысып, өз білімдерін сынады. Солардың ішінде Әбзелбектің көрсеткен жоғары нәтижесі — оның білімі мен дайындық деңгейінің, сондай-ақ үлкен әлеуетінің айқын дәлелі.

Біз оқушымыздың бұл жетістігін зор мақтанышпен атап өтеміз. Әбзелбектің алар асуы әлі алда деп сенеміз. Жарқын болашақ, жаңа биіктер мен табыстар тілейміз!