Жаңалықтар
🌱Наурыз мейрамы кең көлемде аталып өтті
08 мамыр 2025 10:43
Көктемнің жаршысы, жаңару мен бірліктің символы болған Наурыз мейрамы Тараз физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде ерекше сән-салтанатпен тойланды.
Мерекеге орай мектеп ауласында киіз үйлер тігіліп, қонақтарға ұлттық тағамдар ұсынылды. Дастархан молшылық пен берекенің айғағындай жайылып, қымыз, бауырсақ, ет тағамдары мен түрлі ұлттық тәттілер ұсынылды.
Сонымен қатар, оқушылар мен ұстаздар түрлі ұлттық ойындарға белсене қатысып, , асық атып, арқан тарту сияқты дәстүрлі жарыстарда күш сынасты. Бұл күн — тек мереке ғана емес, ұлттық мәдениетімізді дәріптеп, ұрпақ санасына салт-дәстүрді сіңіруге бағытталған тәрбиелік шара болды.
Наурыз мерекесінің жоғары деңгейде өтуіне мұрындық болған мектеп ұжымы, ата-аналар қауымы мен белсенді оқушыларға шынайы алғысымызды білдіреміз! Ынтымақ пен бірліктің бастауы болған бұл күн әр жүрекке шаттық сыйлап, мәңгі есте қалары анық.