Жаңалықтар
🌱NIS Тараз оқушылары «AICA Awards Named After Al-Khwarizmi 2025» байқауында жеңіске жетті!
08 мамыр 2025 10:50
Ағымдағы жылы Орталық Азиядағы жасанды интеллект саласындағы алғашқы мәртебелі байқау — AICA Awards 2025 «Al-Khwarizmi атындағы жасанды интеллект саласындағы үздік стартап» номинациясы бойынша NIS Тараз оқушылары жеңіс тұғырынан көрінді!
Бұл байқауда Тажіхан Қанат, Жазықбай Али, Қалдыбай Барысхан, және Тәжіхан Мади елімізді өкілдік етіп, үздік стартап ретінде танылды. Олардың жетістігі тек жасанды интеллект саласындағы білімдеріне емес, сонымен қатар шығармашылық ойлау мен жаңа технологияларды дамытуға деген ұмтылысына негізделген.
AICA Awards 2025 — Орталық Азиядағы жасанды интеллект бойынша ең алғашқы салтанатты шара болып табылады. Бұл конкурс жас өрендердің жасанды интеллект саласындағы ең үздік идеялар мен шешімдер үшін арена болып, болашақ мамандарды танытып, алға жетелейтін маңызды алаңға айналып отыр.
Үздік стартаптар номинациясында финалистер қатарында Biometric, Zypl.ai, Tass Vision, Karmon, Nearby, BizdinAl, UzbekVoice.ai, Úmit командалары да болды.
Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Бұл жеңіс оқушыларымыздың білімге, еңбектері мен зерттеулеріне деген үлкен құрметтің нәтижесі екені сөзсіз. Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, еліміздің ғылымы мен технологиясына қосқан үлестері мол болатынына сеніміміз кәміл!