Жаңалықтар
🌱Оқушыларымыз Халықаралық информатика байқауында үздік нәтиже көрсетті
08 мамыр 2025 16:07
Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Халықаралық информатика байқауында жоғары нәтиже көрсетіп, мектеп абыройын асқақтатты!
Байқау нәтижесі бойынша:
• 🥇 1-орын – 3 жүлде
• 🥈 2-орын – 4 жүлде
• 🥉 3-орын – 1 жүлде
• 🏅 Жалпыкомандалық есепте – 8-орын
Бұл жеңіс — оқушылардың білімге деген құштарлығы мен ұстаздардың тынымсыз еңбегінің жемісі. Зияткерлік деңгейде сынға түскен бұл додада оқушыларымыз өздерінің логикалық ойлау, алгоритмдік шешім қабылдау және ақпараттық технологиялар саласындағы жоғары дайындықтарын дәлелдеді.
Барлық жеңімпаздарды және оларды дайындаған мұғалімдерді шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра беріңіздер!
Сіздерге алғысымыз шексіз!