logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

🌱Тараздағы NIS мектебінде волейболдан аймақтық турнир өтті

08 мамыр 2025 16:11

Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 2007–2008 жылы туған ұлдар және 2009–2010 жылы туған қыздар арасында волейболдан аймақтық турнир ұйымдастырылды.

Аталған турнирге Kids Shymkent клубынан 3 команда, Kids Taraz клубынан 2 команда және NIS Тараздан 2 команда қатысты. Жарыс тартысты әрі жоғары деңгейде өтті. Оқушылар тек спорттық шеберлігін ғана емес, командалық рух пен жеңіске деген жігерін де көрсете білді.

NIS Тараз командалары үздік ойын өрнегін көрсетіп, финалға дейін жетіп, жоғары нәтиже көрсетті. Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаз командалар кубоктармен, медальдармен және грамоталармен марапатталды. Сонымен қатар, ерекше көзге түскен үздік ойыншыларға бағалы сыйлықтар табысталды.

Мұндай спорттық шаралар жас буын арасында салауатты өмір салтын насихаттап, достық пен ынтымақтастықты нығайтатыны сөзсіз.

Барлық қатысушылар мен ұйымдастырушыларға алғыс білдіреміз!

Фотогалерея

image-