Жаңалықтар
🌱«Жыл мұғалімі – 2025» байқауы жоғары деңгейде өтті!
08 мамыр 2025 16:22
Тараз қаласындағы Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде дәстүрлі «Жыл мұғалімі – 2025» байқауы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, ұстаздар қауымының кәсіби мерейін үстем етті.
Бұл байқау – білім мен шығармашылықтың, жауапкершілік пен шабыттың мерекесі. Қатысушы мұғалімдер өздерінің педагогикалық шеберлігін, жаңашылдығы мен өнерін ортаға салып, шәкірт жүрегіне жол таба білетін нағыз кәсіпқой маман екенін дәлелдеді.
Байқау нәтижесі бойынша:
• І орын – химия пәнінің мұғалімі Котов Станислав Олегович
• ІІ орын – Каскарбаев Ерболат Унербекұлы
• ІІІ орын – Бекназарова Багира Орынбаевна
Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.