Жаңалықтар
🌱NIS Тараз оқушылары — «Shoqan Ecology 2025» халықаралық форумының жеңімпаздары
12 мамыр 2025 09:45
«Shoqan Ecology 2025» халықаралық экологиялық форумына Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен 120-дан астам оқушы қатысты.
Форумның басты мақсаттарының бірі – оқушылардың экология саласындағы ғылым мен зерттеулерге деген қызығушылығын арттыру болды. Қатысушылар қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық мәселелерді шешуге арналған ғылыми жобаларын таныстырды.
Мектебіміздің оқушылары жоғары нәтижелер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды:
• Айдархан Әмірхан – Бас жүлде
• Бекбулат Жангерей – Бас жүлде
• Тәжікхан Мәди – І орын
• Дәулети Әділет – ІІ орын
• Дүйсенбек Аймэри – ІІ орын
Жетекшілері: Рыбалкин Максим Андреевич
Акимова Эльмира Турсуновна
Форум аясында оқушылардың экологиялық стартап идеяларын қолдау мақсатында гран-при ретінде 1 миллион теңге көлемінде қаржылай сыйлық тағайындалды.
Бұл жүлде экологиялық бастамаларды жүзеге асыруға, ғылыми жобаларды дамытуға және жас зерттеушілердің әлеуетін ашуға бағытталған маңызды қолдау болып табылады.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз және стартап идеяларыңыздың сәтті жүзеге асуына тілектеспіз!