logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

🌱NIS Тараз оқушысы Малайзия төрінде жеңіске жетті.

12 мамыр 2025 11:36

Физика пәні бойынша Малайзияда өткен олимпиадада 7 сынып оқушысы Тынышхан Амина алтын медаль жеңіп алды!

Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7 сынып оқушысы Тынышхан Амина Малайзияда өткен физика пәні бойынша халықаралық олимпиадада 1 орын иеленіп, алтын медаль жеңіп алды.

Бұл жетістік Аминаның ғылымға деген шексіз қызығушылығы, қажырлы еңбегі мен жоғары деңгейдегі дайындықтың нәтижесі болып табылады. Амина мен оның жетекшісі Нуржигитова Забида Турсыналиевна біздің мектебіміздің абыройын асқақтатып, еліміздің атын әлемдік аренада танытты.

Барлық жеңімпаздарды және олардың жетекшісін құттықтаймыз! Жаңа биіктерге жетуге тілектеспіз!