logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

🌱Османов Улугбек республикалық спорттық бағдарламалау олимпиадасының қола жүлдегері

17 маусым 2025 14:49

Astana IT University-де Documentolog x CPFED Olymp республикалық спорттық бағдарламалау олимпиадасының финалдық кезеңі өтті.

Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Османов Улугбек жоғары нәтиже көрсетіп, қола жүлдеге ие болды. Бұл жеңіс – оқушының тынымсыз еңбегі мен табандылығының нәтижесі.

Олимпиаданың финалдық кезеңіне еліміздің түкпір-түкпірінен 9–11 сыныптың 77 оқушысы онлайн іріктеуден өтіп, өз білімдері мен дағдыларын жоғары деңгейде көрсетті.