Жаңалықтар
🌱“Тұңғиық ой” байқауында NIS Тараз оқушысы бас жүлдені иеленді.
18 маусым 2025 14:50
Назарбаев Зияткерлік мектептері арасында жазушы Мұхтар Мағауиннің 85 жылдығына орай ұйымдастырылған желілік “Тұңғиық ой” атты үзінді оқу байқауында 7-сынып оқушысы Әділбек Сезім бас жүлдені жеңіп алды. Байқау аясында Сезім жазушының “Бір атаның балалары” шығармасынан үзінді оқып, қазылар алқасының жоғары бағасын алды.
Бұл – Сезімнің алғашқы жетістігі емес. Бұған дейін ол Семей қаласында өткен Мұхтар Әуезов шығармаларын оқу байқауында І орын иеленген болатын.
Жас дарынды түрлі әдеби байқауларға даярлап жүрген жетекшісі – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Р.А. Мәселбек.