Жаңалықтар
🌱Біздің мектеп оқушылары — XCEL халықаралық олимпиадасының жүлдегерлері
03 қыркүйек 2025 09:59
2025 жылдың 1–4 маусымы аралығында АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында беделді XCEL халықаралық математика олимпиадасының финалдық кезеңі өтті. Бұл жарыста біздің оқушылар жоғары нәтижелер көрсетіп, Қазақстан Республикасының намысын абыроймен қорғады.
Нәтижелер:
Батырхан Тлеулес — жүлделі екінші орын, күміс медаль;
Әсел Асқар және Альмактум Асқар — қола медальдар.
Финал Калифорния университеті (UCLA) базасында өтіп, оған әлемнің көптеген елдерінен дарынды оқушылар қатысты.
Оқушыларды жарысқа сапалы дайындаған математика пәнінің мұғалімдеріне — Ахмедиева Гүлнұр Бекенқызы мен Тұқтыбаева Арайлым Ерғазықызына шексіз алғысымызды білдіреміз. Оқушыларымызға шабыт, ұстаздарымызға шығармашылық табыс пен жаңа биік белестер тілейміз!