Жаңалықтар
🌱Мектеп мұғалімдері республикалық байқауда жүлделі орындарға ие болды
03 қыркүйек 2025 10:02
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Максимум» оқу орталығының ұйымдастыруымен математика пәні мұғалімдері мен тренерлерінің Республикалық шығармашылық байқауы өтті.
Аталған байқауға еліміздің әр өңірінен келген 100-ге жуық ұстаз қатысып, кәсіби шеберліктерін ортаға салды.
Байқау нәтижесінде мектебіміздің мұғалімдері:
• Ахмедиева Гүлнұр Бекенқызы – І дәрежелі диплом;
• Тұқтыбаева Арайлым Ерғазықызы – ІІІ дәрежелі диплом иегері атанды.
Ұстаздарымызды осы жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Шығармашылық табыс, кәсіби өрлеу және жаңа биік белестер тілейміз