logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

🌱NIS Тараз оқушысы халықаралық олимпиадада күміс жүлдегер атанды

03 қыркүйек 2025 10:49

2025 жылғы 21 маусымда Сингапур қаласында өткен StemCo Global Round Mathematics халықаралық математикалық олимпиадасында мектебіміздің 8-сынып оқушысы Серік Жансенім күміс медаль иеленді.

Аталған зияткерлік додада әлемнің түкпір-түкпірінен келген жас математиктер бақ сынады. Жансенім өзінің терең білімін, логикалық ойлау қабілетін және жоғары математикалық сауаттылығын сәтті дәлелдеді.

Бұл жетістік – оқушының табандылығы мен жетекшісі, математика пәнінің мұғалімі Тұқтыбаева Арайлым Ерғазықызының кәсіби шеберлігінің нәтижесі.

Мектебіміз Серік Жансенімнің жеңісін мақтан тұтады және оған алдағы уақытта жаңа биіктерді бағындыруды тілейді.

Фотогалерея

image-
image-
image-