Жаңалықтар
🌱«Үздік тәжірибелер панорамасы» байқауында Тараздық ұстаз жеңімпаз атанды
03 қыркүйек 2025 11:31
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің жыл сайынғы конференциясы аясында педагогтардың озық тәжірибесін айқындап, таратуға бағытталған «Үздік тәжірибелер панорамасы» байқауы өтті.
Бұл байқауда «Биология» пәні, «Дәлелді кейс» номинациясы бойынша Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімі Инна Валериевна Аксенова
«Ғылым еріктілері: оқушылар мен көзі көрмейтін және нашар көретін балалар әлемінің тоғысқан тұстары» тақырыбындағы жобасымен жеңімпаз деп танылды.
Инна Валериевнаның еңбегі ғылымды, еріктілік қызметті және әлеуметтік жауапкершілікті тиімді ұштастыра отырып, жаңа серпін берген тың тәжірибе болып табылады. Жоба мектеп оқушыларының зерттеушілік қабілеттерін дамытып қана қоймай, өзара көмек пен инклюзия құндылықтарын қалыптастыруға ықпал етеді.
Ұжым атынан Инна Валериевнаны лайықты марапатымен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа шығармашылық табыстар мен кәсіби биіктерді бағындыруына тілектеспіз.