Жаңалықтар
🌱NIS Тараз мектебінде 7-сынып оқушыларына арналған бейімделу апталығы өтуде
03 қыркүйек 2025 11:50
📍 25–29 тамыз аралығында Тараз қаласы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 7-сынып оқушылары үшін бейімделу апталығы ұйымдастырылды.
✨ Аптаның алғашқы күні көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған таңғы флешмобпен басталды.
👩🏫 Жаңа оқушылар кураторларымен және ұстаздарымен танысып, мектеп өміріне алғашқы қадам жасады.
🎉 Апта соңына дейін жалғасатын бағдарлама түрлі қызықты шараларға толы болып, жеткіншектерге қуанышты әсер қалдырмақ.
📖 Жаңа оқу жылы 7-сынып оқушылары үшін жаңалықтарға, жетістіктерге, жарқын шабыт пен биік белестерге толы болсын!
🚀 Жаңа бастау — табысқа қарай жаңа қадам!