Жаңалықтар
🌱NIS Тараз мектебінде алғашқы қоңырау соғылды
03 қыркүйек 2025 12:04
🌱 Тараз қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 2025–2026 оқу жылының алғашқы қоңырауы соғылды.
📚 Білім күні мен Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған салтанатты жиынға мектеп ұжымы, оқушылар және ата-аналар қатысты. Шара барысында мерекелік әндер шырқалып, ұлттық және заманауи билер орындалды. Домбыраның қоңыр үнімен күмбірлеген күй тартылып, іс-шара ерекше сән-салтанатпен өтті. Дәстүрге сай алғашқы қоңырау соғылып, жас ұрпаққа сәттілік тілек айтылды.
⚜️ Мектеп директоры Гүлнұр Мақсұтқызы зияткерлерді жаңа оқу жылымен құттықтап, білім жолында табыс пен шабыт тіледі.
⚜️ Оқушылар еліміздің Ата Заңының қоғамдағы тұрақтылық пен әділеттілікті қамтамасыз етудегі рөліне тоқталып, Конституцияның мән-маңызына ерекше мән берді. Көк байрағымыз желбіреп, жас буынның бойында отансүйгіштік пен мақтаныш сезімін нығайтты.