logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

🌱Тараз қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің жаратылыстану-математика бағытындағы педагогтары ECER-2025 халықаралық конференциясына қатысты.

10 қыркүйек 2025 11:30

Биылғы конференция 2025 жылғы 8–12 қыркүйек аралығында Сербияның Белград қаласында өтті. Бұл беделді форум 75 елден келген 2 600-ден астам зерттеушіні біріктіріп, шамамен 2 000 ғылыми баяндама мен зерттеу жұмыстарыны қамтыды.

Мектебімізден қатысқан педагогтар:

• ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері — Сейдуалиева Закира Шубаевна, Сарсенбаева Нагима Кенжабековна, Мақпал Сейтқасымқызы, Бижигитова Эльзира Усаиновна, Қыдырбаева Балнур Талғатовна;

• химия пәнінің мұғалімі — Акимова Эльмира Турсуновна;

• физика пәнінің мұғалімі — Жүсіпназарова Гүлмайра Макуақызы.

ECER-ге қатысу ұстаздарымызға халықаралық деңгейде кәсіби тәжірибе жинауға, әлемдік білім беру үрдістерімен танысуға және өз ғылыми ізденістерін таныстыруға мол мүмкіндік берді.

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-