Жаңалықтар
🌱Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде дәстүрлі жалпы мектептік жиналыс өтті.
12 қыркүйек 2025 11:47
Жиынның тақырыбы: «Зияткерлік мектептің даму жоспары көрсеткіштерінің 2025 жылдың III орындалуын мониторингілеу» болды. Жиналыс барысында мектептің даму жағдайына жан- жақты талдау жасалынып, келесі бағыттар бойынша 2025-2026 оқу жылына қатысты іс -шаралар жоспары ұсынылды:
- 1.1.9. НЗМға іріктеуде ауылдық аймақта орналасқан оқушылар саныын арттыру;
- 1.1.10 Білім сапасын арттыру;
- 1.2.1 Халықаралық деңгейде ғылыми конкурстар мен олимпиадаларда оқушылар санын арттыру;
- Мұғалімдердің кәсіби дамуын қамтамасыз ету;
- Материалдық- техникалық базаның жаңартылуын қамтамасыз ету
- Оқушылар мен мұғалімдердің әл- ауқатын қамтамасыз ету және т.б.
Мектеп ішілік жиналыс қорытындысы бойынша мектептің даму көрсеткіштерінің орындалуын қамтамасыз ету бойынша тың ұсыныстар беріліп 2025-2026 жылға мектептің дамуының іс- шараларына енгізу қарастырылды.