Жаңалықтар
🌱Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Ұстаздар күніне арналған салтанатты кеш өтті
03 қазан 2025 16:15
Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Ұстаздар күніне арналған салтанатты мерекелік кеш ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – ұстаздардың еңбегін бағалап, олардың жас ұрпақ тәрбиесіндегі рөлін айшықтау болды.
Кеш барысында 12-сынып оқушылары мен қосымша білім беру ұстаздары бірлесе дайындаған концерттік бағдарлама ұсынылды.
Оқушылар ұстаздарға арнап ән шырқап, өлең оқып, шығармашылық қойылымдар көрсетті.
Мектеп әкімшілігі мен оқушылар ұстаздарға ыстық лебіздері мен алғыстарын білдіріп, мерекелік кешті ерекше әсерге бөледі.
Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, ұстаздарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.