Жаңалықтар
🌱AI SANA Generative Nation байқауында Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары мен түлектері жеңімпаз атанды
08 қазан 2025 16:19
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев AI SANA Generative Nation байқауының жеңімпаздарын марапаттады.
🌐 Digital Bridge 2025 халықаралық технологиялық форумы аясында өткен AI SANA Generative Nation байқауында Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Мәди Тәжіхан, сондай-ақ мектеп түлектері Бекбулат Жангерей, Дәулети Әділет, Айдархан Әмірхан жүлдегер атанды.
Байқау қорытындысы бойынша біздің оқушылардың «Úmit» және «Beelieve» жобалары үздік деп танылды.
🏆 Best School AI Project – Úmit , интерактивті құрылғы — жоғарғы қол функциялары бұзылған адамдарға арналған инновациялық шешім. Құрылғы бас пен тіл қимылдарының көмегімен цифрлық құрылғылар мен мүгедектер арбасын басқаруға мүмкіндік береді.
🏆 Best Student AI Project – Beelieve, ара шаруашылығын дамытуға арналған ақылды жүйе. Бұл жоба аралардың жойылып кетуінің алдын алып, ауыл шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін арттыруға бағытталған.
🌟 Біздің оқушылар мен түлектер – мектептің ғана емес, еліміздің де мақтанышы!
Олардың жаңашыл ойы, тың идеялары мен қоғам игілігі жолындағы еңбектері – өскелең ұрпаққа үлгі боларлық жетістік!