logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

🌱«Ұлт рухы – домбыра үні»

06 қараша 2025 16:56

Тараз қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 25 қазан – Республика күніне орай «MART» ойын-сауық орталығында «Ұлт рухы – домбыра үні» тақырыбында домбыра флешмобын ұйымдастырды.

Шара барысында мектептің жас домбырашылары қазақ халқының бай мәдени мұрасын, ұлттық рухын айшықтайтын әуезді күйлерді орындап, көрермендерге ұлттық өнердің асқақ үнін сезіндірді.

Іс-шараның басты мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, оқушылардың отаншылдық сезімін күшейту және қазақтың киелі аспабы – домбыра арқылы ел рухын асқақтату болды.

Домбыраның қоңыр үнімен өрілген бұл ерекше шара қатысушыларға рухани серпін мен мерекелік көңіл күй сыйлады.

Шара барысында төмендегі күйлер орындалды:

1. «Жастар биі»

2. «Келіншек»

3. «Адай»

4. «Балбырауын»

5. «Ерке сылқым»

6. «Түркімен күйі»

Бағдарлама аясында мектеп оқушыларынан құралған домбыра оркестрі мен ансамбльдің өнері, поэзия, би және тарихи көріністер көрермен назарына ұсынылды.

Салтанатты шараға Жібек жолы ауданы әкімінің орынбасары Тұрсынбек Бақкелді Ғабдоллаұлы қатысып, барша қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады.

Іс-шара YouTube желісінде тікелей эфирде көрсетілді.

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-