Жаңалықтар
🌱Тараз қаласындағы NIS оқушылары жасанды интеллект бойынша халықаралық олимпиаданың жүлдегерлері атанды
06 қараша 2025 10:38
Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушылары — Нурасыл Сериков, Улугбек Османов және Исламнур Хусаинов — жасанды интеллект бойынша өткен Fizmat AI Olympiad халықаралық олимпиадасында 3-орынды иеленіп, 100 000 теңге көлеміндегі сертификатқа ие болды.
Олимпиадаға 7 елдің командалары қатысты. 50 үздік команданың арасынан тараздық оқушылар өз білімдерімен ерекшеленіп, үздіктердің қатарынан көрінді. Іріктеу кезеңінен 150 қатысушы ғана өтті.
Финалдық кезең Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің базасында өтті.
Дарынды оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз! Оларға жаңа жетістіктер мен шығармашылық табыс тілейміз! 🎉