Жаңалықтар
🌱АУЫЛДЫҚ ТІРЕК МЕКТЕП МҰҒАЛІМДЕРІМЕН ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ: ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР МЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
11 қараша 2025 15:13
Бүгін Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері «Ауылдық тірек мектептердің әлеуетін арттыру» жобасы аясында Қордай ауданының Ахмет Байтұрсынов атындағы тірек мектебіне іс-сапармен барды
Сапардың негізгі мақсаты – озық педагогикалық тәжірибені тарату, педагогтердің кәсіби өзара әрекеттестігін нығайту және қала мен ауыл мектептері арасындағы ынтымақтастықты дамыту болды.
Кездесу барысында Тараз қаласының Зияткерлік мектебінің ұстаздары оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған ашық сабақтар өткізіп, педагогтерге арналған шеберлік сыныптарын ұйымдастырды.
Іс -шара барысында пән мұғалімдер сабағына диагностикалық бақылау жасалып, болашаққа әдістемелік көмек көрсетудің бағыт -бағдары анықталды.