logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

🌱THE WORLD ASSOCIATION OF LESSON STUDIES (WALS-2025)

12 қараша 2025 15:20

Сабақтарды зерттеу бойынша Әлемдік қауымдастық — педагогикалық тәжірибе алмасудың жаһандық платформасы.

Тараз қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері конференцияға белсенді қатысып, өздерінің педагогикалық-зерттеу жұмыстары мен тәжірибелерімен бөлісуде. Мұғалімдер Хиросима қаласында келесі тақырып бойынша баяндама жасауда:

• Developing metacognitive skills through problem-based learning in teaching chemistry and physics in English

(Химия мен физиканы ағылшын тілінде оқыту арқылы метакогнитивтік дағдыларды дамыту).

Қазіргі таңда педагогикалық қауымдастықтың назары WALS-2025 — The World Association of Lesson Studies халықаралық конференциясына ауды, ол Жапония, Хиросима қаласында өтуде. Бұл беделді алаң педагогтарды, зерттеушілерді және білім беру саласының мамандарын бір жерге жинап, сабақтарды зерттеу (Lesson Study) әдістері, тиімді оқыту тәсілдері және білім берудің жаңашыл бағыттары туралы пікір алмасуға мүмкіндік береді.

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-