Жаңалықтар
🌱Арманнан әрекетке
18 қараша 2025 12:03
Ашық есік апталығының алғашқы күнінде «Арманнан әрекетке: жетістік жолындағы отбасы» тақырыбында TEDx-конференциясы ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты — мектеп пен отбасы арасындағы серіктестік қарым-қатынасты нығайту, өзара тәжірибе алмасу және балалар мен ата-аналардың ортақ мақсаттарға бірге жетуіне қолдау көрсету. «Балаға қанат бітіретін — ата-ананың сенімі, бағыттайтын — мектептің қолдауы» деген қағида жиынның басты ұранына айналды.
Конференцияның құрметті қонағы ретінде NIS Тараз мектебінің 2020 жылғы түлегі, Қазақстанның мақтанышы Дайана Бестерекова қатысты. Дайана — өз арманына сеніп, нақты мақсат қою мен қажымас еңбектің үлгісі. Ол әлемдегі ең инновациялық оқу орындарының бірі — Minerva University-де «Computer Science» және «Politics» мамандықтары бойынша білім алды. Бүгінде Дайана Сан-Францискодағы Meta (Facebook) компаниясында Software Engineer болып қызмет атқарады.
Кездесу барысында оқушылар мен ата-аналар шабыттандыратын идеяларымен бөлісіп, мектеп пен отбасының бала жетістігіндегі рөлін талқылады.