Жаңалықтар
🌱Ашық есік апталығы: ІІІ күн – «Мәдениет әлеміндегі отбасы»
19 қараша 2025 12:07
Ашық есік апталығының үшінші күні «Отбасы — мәдениеттер әлемінде» жобасы аясында «Мейірімді отбасы — қауіпсіз мектептің негізі» атты ата-аналармен таңертеңгілік (кофетайм) кездесуімен басталды.
Шараның басты мақсаты — мектеп қабырғасындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі отбасының рөлін нығайту. Кездесу барысында ата-аналар арасында танымдық ойындар мен психологиялық жаттығулар өткізілді;
Халықаралық KiVa бағдарламасы таныстырылып, оның мектептегі буллингтің алдын алудағы маңыздылығы түсіндірілді;
Балаға эмоционалды қолдау көрсету бойынша практикалық кеңестер берілді.
Мейірім мен сенім ұялаған отбасы — баланың мектептегі қауіпсіздігі мен жарқын болашағының кепілі.