Жаңалықтар
🌱NIS Тараз оқушысы халықаралық байқауда күміс жүлде иеленді
20 қараша 2025 16:14
Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 «Н» сынып оқушысы Сырым Уали Халықаралық астрономия және астрофизика байқауында (IAAC) айтарлықтай жетістікке жетті. Ол әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған 12 300-ден астам қатысушының арасынан суырылып шығып, күміс жүлдегер атанды.
International Astronomy and Astrophysics Competition — бұл жас таланттарға ғарыш әлемі мен физика заңдылықтарын терең меңгеруге мүмкіндік беретін әлемдік деңгейдегі беделді ғылыми дода.
Сырымның бұл жеңісі — қажырлы еңбек пен ғылымға деген құштарлықтың жемісі. Оқушының ғылыми жетекшісі — физика пәнінің мұғалімі Ерболат Қасқарбаев.
Сырымды және оның жетекшісін осынау биік белесті бағындыруымен шын жүректен құттықтаймыз!