Жаңалықтар
🌱“БЕРІК ОТБАСЫ” ЖОБАСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
01 желтоқсан 2025 16:16
Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде қазан–қараша айларында өткен “Берік отбасы” жобасы әсерлі қорытынды кешпен аяқталды. Жоба аясында 7-сынып оқушыларының отбасылары үшін түрлі семинар-тренингтер ұйымдастырылып, олардың ұйымшылдығы мен шығармашылығы сынға түсті.
🌱 Қорытынды кеште жобаға белсенді қатысқан отбасылар мен демеушілік көрсеткен ұстаздар арнайы марапаттарға ие болды. Мектеп директоры мұндай шаралардың отбасылық құндылықтарды нығайтып, мектеп қауымдастығының бірлігін арттыратынын атап өтті. Барлық қатысушыларды марапаттарымен құттықтаймыз!