Жаңалықтар
🌱Армия генералы Мұхтар Алтынбаев – 80 жаста
09 желтоқсан 2025 16:50
Тараз қаласындағы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери-техникалық мектебі мен мектебіміздің 8, 11 және 12-сынып оқушыларының ұйымдастыруымен Халық Қаһарманы, армия генералы Мұхтар Қапашұлы Алтынбаевтың 80 жылдық мерейтойына арналған «Ерлік сабағы» өтті.
Салтанатты іс-шара барысында «САРДАР» әскери-патриоттық клубының курсанты Марғұлан Әбдез баяндама жасап, батырдың өмір жолына тоқталды. Мерей Мамырова «Әлия» әнін нақышына келтіре орындаса, 8 «В» сынып оқушылары Бейбарыс Әбілхан мен Жалғас Пермебай «Рух» әнімен көрермендерге жігер берді.
Іс-шараның мақсаты:
Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру сапасын арттыру;
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне деген құрмет пен қызығушылықты қалыптастыру;
Отансүйгіштік сезім мен ел тарихына деген мақтанышты ұялату.