logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

🌱 NIS Тараз ұстазы «Жыл үздігі – 2025» марапатына ие болды

14 қаңтар 2026 16:40

Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімі Балауса Байдарманова Жамбыл облысы әкімдігінің Дене шынықтыру және спорт басқармасы тағайындаған «Жыл үздігі – 2025» номинациясының иегері атанды. Бұл марапат – ұстаздың спорт саласындағы қажырлы еңбегі мен кәсіби белсенділігінің жоғары бағасы.

Салтанатты марапатты Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков табыстап, ұстазымыздың салауатты өмір салтын насихаттаудағы және бұқаралық спортты дамытудағы үлесіне ерекше алғыс білдірді.

Балауса Байдарманова – «Running Club» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, сондай-ақ бірқатар спорттық жарыстардың жүлдегері:

🥈 Халықаралық Shymkent Marathon аясында 42 шақырымдық қашықтықты бағындырып, ІІ орын иеленді;

🥉 Қалалық жүгіру жарыстарында ІІІ орын алды;

🥉 Оңтүстік өңірлік қолбасшылығы әскерінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған 10 шақырымдық марафонда ІІІ орын иегері атанды;

🥉 BMAI қалалық жарысында ІІІ орын жүлдегері болды.

Ұстазымызды шын жүректен құттықтаймыз!

Оған зор денсаулық, тың бастамалар мен жаңа белестер тілейміз!

Фотогалерея

image-
image-
image-