Жаңалықтар
🌱NIS Тараз оқушылары – «INFOMATRIX Asia–2026» халықаралық байқауының жеңімпаздары
03 сәуір 2026 16:59
Елордада өткен «INFOMATRIX Asia–2026» халықаралық байқауында NIS Тараз оқушылары жоғары нәтиже көрсетіп, мектеп абыройын асқақтатты.
Бұл жетістік NIS жүйесіндегі жобалық оқыту мен STEM-білім берудің тиімділігін айқын дәлелдейді.
Биылғы байқауға 10-нан астам мемлекеттен 250-ден астам команда қатысып, жасанды интеллект, стартап жобалар, робототехника және басқа да заманауи бағыттар бойынша өз жұмыстарын халықаралық сарапшылар алдында қорғады.
🏆 Жүлделі орындар:
* AI Programming категориясы бойынша
🥈 2-орын – «Axel» командасы: Дінмұхаммед Ынтықбай, Арнұр Артықбай
Жетекшісі: Мирлан Джуссамбаев
* Applied Science категориясы бойынша
🥉 3-орын – «Ventrix» командасы: Диана Ошан, Аружан Айдархан
Жетекшісі: Ерболат Қасқарбаев
👏 Құттықтаймыз! Жаңа жетістіктер мен биік белестерді бағындыра беріңіздер!