logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

🌱Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде NIS Hackathon–2026 желілік байқауы өтуде 🏆

03 сәуір 2026 11:31

Ауқымды сайысқа еліміздің 22 Зияткерлік мектебінен 90-ға жуық оқушы қатысып, өзара бақ сынауда. Қатысушылар 24 сағат бойы еңбек етіп, цифрлық өнімдердің прототиптерін әзірлеп, оларды сарапшылар назарына ұсынады.

Байқау барысында зияткерлер өз жобаларын қорғап, сарапшылардың сұрақтарына жауап беру арқылы идеяларының өзектілігі мен маңыздылығын дәлелдейтін болады.

Зияткерлердің басты мақсаты – жасаған жұмыстары арқылы ел дамуына өз үлестерін қосу.

Бұл – жас таланттардың қабілетін шыңдап, болашаққа нық қадам жасауына жол ашатын маңызды алаң.

Біз барша қатысушыларға сенім білдіреміз! Қолдаймыз! Сәттілік тілейміз ✨

Фотогалерея

image-
image-
image-