Жаңалықтар
🌱Орталық Азия елдерінің STEM пәндері мұғалімдерінің инновациялық әлеуетін арттыру.
13 сәуір 2026 11:50
Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің информатика пәні мұғалімі Максим Рыбалкин Қытай Халық Республикасының Сиань қаласында өткен «Орталық Азия елдерінің STEM пәндері мұғалімдерінің инновациялық әлеуетін арттыру» бағдарламасының II кезеңіне қатысып қайтты.
Аталған бағдарлама 2026 жылдың 23–29 наурыз аралығында Шэньсий педагогикалық университеті базасында өтті.
Бағдарлама «Жасанды интеллект бойынша жалпы білім беру» тақырыбын қамтып, қатысушыларға:
– жасанды интеллектті оқытудың заманауи теориялары мен әдістерін меңгеруге;
– Орталық Азия өңіріне бағытталған жобаларды әзірлеуге;
– мәдениет пен технологияны ұштастыру тәжірибесін игеруге мүмкіндік берді.
Оқу барысында мұғалімдер халықаралық тәжірибемен танысып, практикалық дағдыларын жетілдіріп, инновациялық жобалар әзірледі.
Мұндай кәсіби даму мүмкіндіктері педагогтердің білім беру үдерісіне жаңа тәсілдер енгізуіне және оқушыларға сапалы білім беруіне ықпал етеді.