logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

🌱Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде әз-Наурыз мерекесі кең көлемде аталып өтті.

11 сәуір 2026 10:40

Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде әз-Наурыз мерекесі кең көлемде аталып өтті. Мерекелік шараға 1000-нан астам қонақ жиналып, олардың қатарында мектеп ұжымы, ата-аналар мен оқушылар болды.

Алаңға ұлттық нақышта киіз үйлер тігіліп, қонақтарға қазақтың дәстүрлі ойындары ұсынылды. Сонымен қатар, оқушылар мен әдістемелік бірлестіктер бірлесіп, коллаборативті мәдениетті дамыту бағытында түрлі өнерлерін көрсетіп, мерекенің мазмұнын байыта түсті.

Ауқымды деңгейде ұйымдастырылған Наурыз мейрамы жоғары дәрежеде өтті. Шара барысында мектеп директоры Гүлнұр Мақсұтова кішкентай бүлдіршіннің тұсауын кесіп, оған жарқын болашақ пен ашық өмір жолын тіледі.

Мектеп ұжымы ата-аналарға қолдауы мен белсенді қатысқандары үшін шексіз алғысын білдіреді.

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-