Жаңалықтар
🌱NIS Тараз оқушылары республикалық байқауда үздік нәтиже көрсетті
24 сәуір 2026 10:45
20–22 ақпан күндері математика пәні бойынша StemCO Singapore халықаралық олимпиадасының іріктеу кезеңі өтті. Нәтижесінде еліміз бойынша 200-ге жуық оқушы республикалық кезеңге жолдама алды.
Астана қаласындағы Riviera International School базасында өткен республикалық финалда Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7–11 сынып аралығындағы 7 оқушысы бақ сынап, өз білімдері мен қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетті.
StemCO олимпиадасы — логика мен сыни ойлауды талап ететін, әлемдік деңгейдегі интеллектуалды жарыс. Оның басты ерекшелігі — тапсырмалардың Сингапур білім беру бағдарламасына негізделуінде. Бұл олимпиада оқушылардың тек теориялық білімін ғана емес, оны практикада және өмірлік жағдайларда қолдана білу дағдысын бағалайды.
Жеңімпаздарымыз бен жүлдегерлеріміз:
🥇 Ақәділ Шынғалиұлы — I орын
🥇 Айсұлтан Жамбулов — I орын
🥉 Мақпал Каналбай — III орын
🥉 Шерхан Болатұлы — III орын
🥉 Дастан Ахан — III орын
Жетекшілері:
Балауса Байдарманова, Арайлым Туктыбаева, Асқар Урынбаев.
Мектеп ұжымы оқушыларымыз бен олардың жетекшілерін шын жүректен құттықтайды! Бұл — қажырлы еңбектің, терең білім мен табандылықтың жемісі. Жас зияткерлерімізге алдағы уақытта да толағай табыстар тілейміз!