logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

🌱Тараз қаласындағы NIS педагогы Инна Аксёнова Ыбырай Алтынсарин атындағы төсбелгімен марапатталды

24 сәуір 2026 10:47

Тараз қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің биология пәні мұғалімі Инна Аксёнова Қазақстандағы ең жоғары педагогикалық марапаттардың бірі – Ыбырай Алтынсарин атындағы төсбелгімен марапатталды.

Бұл марапат білім беру жүйесінің дамуына қосқан елеулі үлесі, заманауи оқыту әдістерін енгізудегі жетістіктері және ғылыми-әдістемелік қызметтегі белсенділігі үшін табысталды.

Инна Аксёнова – білім беру бағдарламаларының авторы, STEM-білім беру және құзыреттілікке негізделген оқыту саласындағы халықаралық сарапшы, сондай-ақ UNESCO қолдауымен жүзеге асырылатын жобалардың қатысушысы. Ол өз тәжірибесінде зерттеу және жобалық оқыту әдістерін кеңінен қолданып, оқушылардың ғылыми деректерді талдау және сыни ойлау дағдыларын дамытуға ерекше көңіл бөледі.

Педагогтің шәкірттері ғылыми-зерттеу жобаларын сәтті жүзеге асырып, түрлі байқаулар мен конкурстарда жоғары нәтижелер көрсетіп келеді. Олар ғылыми сауаттылықтың жоғары деңгейімен ерекшеленеді.

Мектеп ұжымы Инна Аксёнованы лайықты марапатымен құттықтап, кәсіби қызметіне толағай табыс, жаңа жетістіктер мен шығармашылық шабыт тілейді.

Фотогалерея

image-