logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

🌱«Әжелер форумы» – ұрпақ тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтар алаңы.

30 сәуір 2026 15:13

Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде педагог-кітапханашы және педагог-кураторлармен ұйымдастырылған «Memoro: Әжелер форумы» атты тағылымдық іс-шара өтті. 

Аталған форумның негізгі мақсаты – ұрпақ тәрбиесіндегі әжелердің рөлін арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және отбасы институтын нығайту. Іс-шараға оқушыларымыздың әжелері мен апалары қатысты. Кездесуге арнайы қонаққа Тараз қаласындағы Ықылас Дүкенұлы атындағы мәдениет үйінің 25-жылдық тарихы бар "Асыл аналар" ансамблі шақырылды. 

Кездесу барысында қатысушылар қазақы тәрбие, салт-дәстүр, әже өнегесі мен отбасыдағы тәрбиенің маңызы туралы өз тәжірибелерімен бөлісті. 

Іс-шара соңында қатысушылар ұлттық тәрбие мен рухани құндылықтарды ұрпақ санасына сіңіру – баршамыздың ортақ міндетіміз екендігін атап өтті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар қоғамдағы отбасы құндылықтарын нығайтып, ұрпақ сабақтастығын жалғастыруға зор үлес қосады.

Фотогалерея

image-
image-
image-