Жаңалықтар
🌱Мектебімізде «Жайлылық аймағы: одан қалай және не үшін шығу керек?» тақырыбында облыстық TEDx конференциясы өтті.
08 мамыр 2026 15:17
Бұл кеш жай ғана баяндамалар жиынтығы емес, тәжірибе алмасу мен тұлғалық дамудың шынайы алаңына айналды.
Конференцияға мектебіміздің зияткер оқушыларымен қатар «Дарын», «Білім-Инновация» және IT лицей-интернатының белсенді оқушылары қатысты. TEDx форматы қатысушылардың көшбасшылық қабілеттерін дамытып, өз ойларын қазақ және орыс тілдерінде еркін әрі сенімді жеткізуге мүмкіндік берді.
Спикерлер жайлылық аймағынан шығудың маңыздылығы, қорқынышты мүмкіндікке айналдыру жолдары, жеке жетістік оқиғалары мен Soft Skills дағдыларын дамыту туралы ойларымен бөлісті.
Барлық қатысушылар арнайы сертификаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Бізбен бірге болған барлық мектептерге алғысымызды білдіреміз! 🤝