logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

🌱Жеңіс күніне орай мюзикл жанрындағы әсерлі спектакль өтті.

08 мамыр 2026 15:36

Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Жеңіс күніне орай «Хат» атты мюзикл жанрындағы әсерлі спектакль өтті. «Өмірде айтылмай қалған сөздер көп, ал кей хаттар тек жүрекпен жазылады» деген терең ұстанымды арқау еткен бұл қойылым көрерменді бей-жай қалдырмады.

Сахналық қойылым көрермендерді сұрапыл соғыс жылдарына жетелеп, майдан даласының қатал шындығын көз алдына әкелді. Жас актерлердің шебер ойыны арқылы сол кезеңнің ауыртпалығы мен батырларымыздың жанқиярлық ерлігі ерекше сезілді. Бұл жай ғана қойылым емес, өткенге тағзым мен бейбіт күннің қадірін ұғындырған рухани кеш болды.

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-
image-