Жаңалықтар
🌱ASTANA WOMEN SUMMIT: Мектебіміздің оқушысы KBTU грантын жеңіп алды
25 мамыр 2026 16:28
Мектебіміздің 12 «G» сынып оқушысы Алия Жаркынова әйелдер көшбасшылығы, білім және инновация тақырыптарына арналған ауқымды форум — ASTANA WOMEN SUMMIT аясында өткен стартап-жобалар байқауының финалистерінің бірі атанды.
Байқауға 400-ге жуық жоба қатысып, іріктеу қорытындысы бойынша Алия EcoGlue жобасымен Kazakh-British Technical University университетінің білім грантын жеңіп алды.
EcoGlue — пенопласт қалдықтарынан құрылыс желімін өндіруге бағытталған экологиялық жоба. Бұл бастама қоршаған ортаны қорғауға және қайта өңдеудің тұрақты технологияларын дамытуға үлес қосуды көздейді. ♻️
ASTANA WOMEN SUMMIT еліміздің түкпір-түкпірінен келген көшбасшыларды, сарапшыларды және жас кәсіпкерлерді біріктіріп, жаңа идеялар мен перспективалы бастамаларды қолдауға арналған маңызды алаңға айналды.
👏 Алияны осы үлкен жетістігімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта жаңа белестер мен толағай табыстар тілейміз! ✨