Жаңалықтар
🌱Сыңғырлау соңғы қоңырау
25 мамыр 2026 16:38
Тұлғалар тағылымы – ұрпаққа өнеге» атты 2025–2026 оқу жылының «Соңғы қоңырау» салтанатты жиыны ерекше сән-салтанатпен, жоғары деңгейде өтті.
Бұл тағылымы мол іс-шараның басты мақсаты — мектеп табалдырығын аттағалы тұрған жас түлектерге рухани бағыт-бағдар беріп, оларды ел болашағына жауапты, білімді әрі парасатты азамат ретінде қалыптастыру болды.
Мерекелік кеш қазақ халқының рухани мұрасын дәріптеген ерекше сәттермен бастау алды. «Қазақтың 100 күйі» тізіміне енген күйлер орындалып, ұлттық билер көрермен көңіліне көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
2025–2026 оқу жылында мектебіміздің 108 түлегі үлкен өмірге қанат қақты. Әр түлек — мектеп мақтанышы, ел ертеңіне сенім артар жалынды жас буын.
Салтанатты «Жұлдыздар шеруінде» халықаралық және республикалық олимпиадалар мен байқауларда топ жарған үздік оқушылар мен олардың жетекшілері ерекше құрметке бөленіп, көрерменнің ыстық ықыласына ие болды.
Кештің ең әсерлі сәттерінің бірі — соңғы қоңырау үні болды. Бұл қоңырау — балалықпен қоштасып, жаңа өмірге қадам басқан түлектердің жүрегінде мәңгі сақталатын ерекше үн. Салтанатты соңғы қоңырауды «Алтын белгі» иегерлері мен 7-сыныптың үздік оқушылары соқты.