logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

🌱«Түлек — 2026: Жаңа өмірге жол!» атты салтанатты жиын өтті

25 мамыр 2026 16:42

Мектебімізде білім жолындағы еңбек пен жетістіктерді бағалау, NIS құндылықтарын дәріптеу және жас ұрпақты азаматтық жауапкершілікке баулу мақсатында мектеп бітіруші түлектерге арналған салтанатты іс-шара өтті.

Биылғы оқу жылында мектеп қабырғасынан 108 түлек үлкен өмірге жолдама алуда. Олардың ішінде 1 «Алтын белгі» иегері бар. Түлектеріміз халықаралық емтихандарда жоғары академиялық әлеуетін дәлелдеп, IELTS-тан 8.0-ден жоғары, SAT-тан 1500-ден жоғары және NUET емтиханынан үздік нәтижелер көрсетті. Осы жетістіктердің арқасында олар Назарбаев Университетіне, сондай-ақ отандық және шетелдік алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарына шақырту алды.

🥇 «Алтын белгі» иегеріне үздік аттестатын Тараз қаласы «Жібек жолы» ауданының әкімі Қарлығаш Аралбекова табыс етті.

«Үздік аттестат» иегерлеріне құжаттарын М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Басқарма мүшесі — академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Рысгүл Құдретуллаева салтанатты түрде тапсырды.

Мектеп ұжымы атынан барлық түлектерімізге ақ жол тілейміз! Ел игілігіне қызмет ететін, өмір бойы білім алуға ұмтылатын білікті тұлға болуларыңызға тілектеспіз!

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-