logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

🌱28 маусым – БАҚ өкілдерінің кәсіби мерекесі құтты болсын!

28 маусым 2026 16:47

Мереке қарсаңында Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі өңірлік БАҚ өкілдерін арнайы шақырып, кәсіби мерекелерімен құттықтады!

Мектеп қонақтары үшін арнайы шеберлік сағаты ұйымдастырылып, журналистер өз қолдарымен әдемі қолөнер бұйымдарын жасап, шығармашылық атмосфераға бөленді. Шара соңында мектеп директоры ақпарат саласының үздіктеріне өз алғысын білдіріп, салтанатты түрде Алғыс хаттар табыс етті.

Өңірдегі өзекті ақпаратты халыққа жеткізуде және білім беру саласының жаңалықтарын жариялауда қосқан зор үлестері үшін «Jambyl» телеарнасына, «Ar-Ai» газетіне, «Тараз 24» телеарнасына және барша журналистер қауымына шексіз алғысымызды білдіреміз!

Қаламдарыңыз ұшқыр, шығармашылық шабыттарыңыз таусылмасын! Әрбір түсірілім мен мақалаларыңыз сәтті шығып, көрермен мен оқырманның ықыласына бөлене беріңіздер. Жұмыстарыңызға береке, отбасыларыңызға амандық тілейміз! Еңбектеріңіз жана берсін! 🚀🌟

Фотогалерея

image-
image-
image-