logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

🌱NIS Тараз оқушысы «InnovArt: Болашақ өнері» желілік арт-фестивалінде жоғары нәтиже көрсетті

08 шілде 2026 15:01

Мектебіміздің 9 «С» сынып оқушысы Зере Бейсеғұл «InnovArt: Болашақ өнері» желілік арт-фестивалінде жоғары нәтиже көрсетіп, Sand Art бағыты бойынша «Үздік қолөнер» бағытындағы «Қыш жасау» номинациясының жеңімпазы атанды. Жетекшісі Индира Курманкуловаға алғысымыз шексіз!

«Жер ана» – табиғаттың, өмірдің және ұлттық құндылықтардың мәңгілік сабақтастығын бейнелейтін көркем керамикалық композиция.

Композицияның ортасында орналасқан ана бейнесі – тіршіліктің бастауы, мейірім мен қамқорлықтың, даналық пен рухани күштің символы. Оның айналасындағы киіз үйлер қазақ халқының бірлігі мен берекесін, отбасы құндылықтарын және ата-бабадан жалғасқан мәдени мұраны білдіреді.

Ана бейнесі – өмірдің бастауы мен қорғаушысы.

Киіз үйлер – отбасы, бірлік және ұлттық мұра.

Жарық – үміт пен болашақтың белгісі.

Ою-өрнек – ұлттық мәдени код.

Шеңберлі композиция – өмір мен табиғаттың шексіздігі.

«Жер – тіршіліктің бесігі, ана – адамзаттың жүрегі».

Фотогалерея

image-
image-
image-