logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

🌱Балалық шақтың шуақты сәттері: Тараз NIS-тегі ұмытылмас жаз

07 шілде 2026 15:50

Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 1-7 сынып оқушыларына арналған танымдық жаздық лагерь өз мәресіне жетті. Артына қимастық сезімі мен тәтті естеліктер қалдырған бұл күндер балалардың жүрегінде өшпес із, ал ата-аналардың көңілінде үлкен ризашылық ұялатты.🙌🏽

Он күн бойы ұялы телефонның виртуальды әлемінен тысқары шыққан бүлдіршіндер шынайы өмірдің, достық пен адамдық қарым-қатынастың ғажайып сырын ұғынды.

Олар ұлттық құндылықтарымыз насихаттайтын түрлі танымдық шаралар мен спорттық жарыстарда шыңдала түсті. Ал қазақ, орыс, ағылшын тілдері, математика және заманауи STEM сабақтарының ойын түрінде, еркін форматта өтуі балалардың білімге деген құштарлығын оятып, танымын кеңейтті.

Ең бастысы — бұл лагерьде әр бала өз бойындағы жасырын дарыны мен қабілетін ашып, өзіне сенімділік алды. Жаңа ортада жанына серік болар адал достар тауып, бірліктің қадірін білді. ✨🤝

Бізге зор сенім артып, балаларының болашағын бізбен бірге қалыптастыруға атсалысқан әрбір ата-анаға алғысымыз шексіз.

Балалардың күлкісі мен жетістігі — біздің ең үлкен марапатымыз! 🤍

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-